33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды – Прокуратура
Қостанай облысының прокурорлары 30 дан астам қасақана борышкерлерді қылмыстық жауапкершілікке тартты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысының прокуратурасымен құқықтарды қорғау мақсатында алимент өндіріп алу бойынша жұмыс жүргізілуде.
Прокуратура органдарын үйлестіру кезінде тұрақты жалақысы жоқ 130 адамды жұмысқа орналастыруға жәрдем көрсетілді.
Сонымен қатар, алимент төлеуден жалтарған борышкерлерге қатысты қатаң ықпал ету шаралары қабылдануда. Мәселен, 165 адам әкімшілік жазаға тартылды, 33 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды, оның ішінде бас бостандығынан айыруға сотталды.
Кешенді шаралар қабылдау 181 баланың алдындағы алимент бойынша берешекті 229,3 млн теңге сомасына өтеуге мүмкіндік берді.
Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Ерікті: Су тасқыны кезінде күніне 1 мың адамға тамақ істедік
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы