Жеке тұлғалардың 320 мыңнан астам банктік шоттарына қойылған шектеулер алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылдың 4-6 сәуірі аралығында мемлекеттік кірістер органдары дара кәсіпкерлер мен жеке практикамен айналысатын тұлғалардың 320 мыңнан аса банктік шоттарына қойылған шектеулерді кері қайтарды. Бұл жеке тұлғалардың 42500 теңге әлеуметтік жәрдемақыны алуына мүмкіндік беру үшін жасалды, деп хабарлады ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде төтенше жағдайдың қолданылу кезеңінде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төтенше жағдайға байланысты табыстан айырылған адамдарға 42500 теңге сомасында ай сайынғы әлеуметтік көмек аудару басталған, - делінген хабарламада.
Осыған орай, аумақтық МКД тәуекел дәрежесі жоғары салық төлеушілерді қоспағанда, дара кәсіпкер ретінде тіркеуде тұрған жеке тұлғаларға және жеке практикамен айналысатын тұлғаларға қатысты шығарылған банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдер мен инкассалық өкімдерді қолдап кері қайтаруда.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Алматыда 6 мыңнан аса адам 42 мың теңге көлеміндегі төлемді алды
Өзгелердің жаңалығы