320 мың баланың тек 10 пайызы тегін үйірмелермен қамтамасыз етілген

Алматы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова Мемлекет басшысына қаладағы қосымша білім беру саласының дамуы жөнінде баяндады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі кезде шаһарда қосымша білім беретін 17 мекеме бар. Мектеп жасындағы 320 мың баланың тек 10 пайызы тегін үйірмелермен және спорт секцияларымен қамтамасыз етілген.

Президенттің тапсырмасы бойынша «100 заманауи оқушылар сарайын салу» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында Алатау ауданында тағы да осындай инновациялық шығармашылық орталық салынған.

Осындай нысандардың балаларға қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Түрксіб және Бостандық аудандарында бұрынғы ескі оқушылар сарайының орнына жаңадан даму және шығармашылық орталықтарын салу жоспарланған. Жалпы, қала басшылығы 2025 жылдың соңына қарай тегін қосымша біліммен қамту көрсеткішін 25 пайызға жеткізуді көздеп отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы