313,6 мың адам зейнетақысының бір бөлігін шешіп алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 1,4 трлн теңге сомасына біржолғы зейнетақы төлемдеріне 313,6 мың өтініш мақұлданған.
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов халыққа есеп беру кездесуінде айтты.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша азаматтарға зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайларын жақсартуға, емделудің ақысын төлеуге немесе жеке компаниялардың басқаруына беруге мақсатты пайдалану мүмкіндігін беру бойынша жұмыс жүргізілді.
Зейнетақы жинақтарының бір бөлігін алу құқығын БЖЗҚ-ның шамамен 1 млн салымшысы пайдалана алады. 2021 жылғы 4 маусымдағы жағдай бойынша 1,4 трлн теңге сомасына біржолғы зейнетақы төлемдеріне 313,6 мың өтініш мақұлданды, - деді Серік Шәпкенов.
Оның айтуынша, 2020 жылы міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесімен жұмыс істейтін 6,3 млн азамат қамтылған.
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік сақтандыру жүйесінде еңбек өтілі мен әлеуметтік төлемдер мөлшері арасындағы өзара байланыс күшейтілді. Нәтижесінде әлеуметтік қатер туындаған кезде әлеуметтік төлемдер мөлшері орта есеппен 50%-ға арттырылды. Оның ішінде еңбек ету қабілетінен айырылу жағдайына төлемдердің өсімі 69%-ды, асыраушыдан айырылу бойынша 41%-ды және жұмыстан айырылу бойынша 44%-ды құрады, - деді министр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Президент тапсырмасымен зейнетақы мен жәрдемақы екі рет өсті
Келесі жаңалық
Өндірісті локализациялау келешегі талқыланды
Өзгелердің жаңалығы