31 тамыздан алматылықтар қаланы абаттандыруға арналған жобаларға дауыс бере алады
2022 жылдың 31 тамызы мен 19 қыркүйегі аралығында Алматы қаласын абаттандыру бойынша тұрғындардың ұсыныстарына дауыс беру өтеді деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы қала әкімдігі мәлімдеді.
Жалпы, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» қалалық жобасы аясында 1251 жобаға қолдау көрсетілді.
Нәтижелер хаттамалармен ресімделіп, бағдарламаның budget.open-almaty.kz сайтындағы «Жоба материалдары» бөлімінде жарияланады.
Алматыда тұрғылықты мекенжайы бар қала тұрғындары ғана таңдау жасап, сүйікті жобаларына дауыс бере алады. Ыңғайлы болу үшін онлайн дауыс беру қосылған. Ал қағаз түрінде дауыс беру үшін аудан әкімдіктеріне немесе Open Almaty фронт-офисіне баруға болады.
Айта кетерлігі, бір тұрғын тек үш жобалық ұсынысқа дауыс бере алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
ТЖМ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады
Өзгелердің жаңалығы