31-інен 1-іне қараған күні Қызылордада 68 нәресте дүние есігін ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысының демографиялық дамуында бала туу көрсеткіші оң динамикасы байқалады. 2020 жылы дүниеге келген нәрестелер өсім қөрсетіп, 12,1% құрап отыр.

Бұл туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Бибізада Дүйсенбаева айтты.

Қызылорда облысында желтоқсанның 31-і сағат 08:00-ден 1 қаңтар сағат 08:00-ге дейін барлығы 68 нәресте дүние есігін ашты. 68 сәбидің 35-і ұл, 33-і қыз бала. Оның ішіне желтоқсанның 31-нен қаңтардың 1-не қараған түні 13 сәби дүниеге келді. Жаңа жылмен тұспа-тұс дүниеге келгендердің 8-і ұл, 5-уі қыз бала, - делінген хабарламада.

Бүгінгі күні 2021 жылдың 2 қаңтарында облыс бойынша барлығы – 146 сәби дүние есігін ашып отыр. Олардың 74 ұл балалар, 72 қыз балалар. Оның ішінде аудандар бойынша - 57 нәресте, олардың 33 ұл бала, 24 қыз балалар.

Дүние есігін ашқан нәрестелерге ата-аналары ұлы тарихи тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалар есімдерін қойған.

Қыз балалар арасында көркемділік, сұлулық пен нәзіктікті сипаттайтын Айкөркем, Айзере, Зере, Аида, Айша-Бибі есімдері берілген.

Ұл балалар арасында Абай, Мансұр, Бейбарыс немесе Ислам есімдері кездеседі.

Ана мен өмірге келген сәбилердің денсаулық жағдайы дәрігерлердің бақылауында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы