Бүгiн 2026, 08:57
Фото: ТЖМ телеграм каналы
3020 метр биіктікте төтенше жағдай: Алматыда турист жартастан құлап кетті
19 жастағы турист Мыңжылқы шатқалында теңіз деңгейінен 3020 метр биіктікте орналасқан Малыш шыңынан түсіп келе жатып жартастан құлап, жарақат алған.
Алматы қаласының Медеу ауданында құтқарушылар тауда жарақат алған туристі эвакуациялады.
ТЖМ мәліметінше, Мыңжылқы шатқалында теңіз деңгейінен 3020 метр биіктікте орналасқан Малыш шыңынан түсіп келе жатқан туристік топ мүшелерінің бірі жартастан құлап, жарақат алған.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар 19 жастағы зардап шегушіні тауып, алғашқы медициналық көмек көрсетті. Кейін оны қауіпсіз жерге жеткізіп, ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандарына тапсырды.
Топтағы қалған үш турист құтқарушылардың сүйемелдеуімен қауіпсіз жерге шығарылды. Оларға медициналық көмек қажет болмаған.