3000 рубик текшесі: Республика күні Қазақстан картасында мемлекеттік ту бейнеленген пано құрастырылды

Спидкубингтен әлемдік аренада еліміздің намысын қорғап жүрген бір топ жас Астанадағы MEGA Silk Way сауда – ойын-сауық орталығында еліміздің картасында орналасқан Қазақстан туын жинады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құрамында Спидкубингтен Азия, Қазақстан чемпиондары бар өнерпаздар суретті 6 сағат жинады. Оған барлығы 3000 рубик текшесі қажет болды.

Суреттің графикалық картасын құрастыру бір күн алды, ал картинаның жалпы салмағы шамамен 500 келіден асады, дейді топ жетекшісі Әлихан Ертұрсын.

Панноның графикалық нұсқасы пиксельдерден тұрады. Оны арнайы бағдарлама құрастырып, кубиктің түстеріне сәйкес реттеп береді.

MEGA Silk Way-де өткен мерекелік іс-шара мақсаты өскелең ұрпақтың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті ояту.

 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Mega Silk Way сауда – ойын-сауық орталығы
Өзгелердің жаңалығы