300 млн теңгеден астам актив мемлекетке қайтарылды

Алматы қаласының прокуратурасы мемлекетке 300 млн теңгеден астам активті қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мемлекет Басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары заңсыз берілген мемлекеттік активтерді қайтару бағытында жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде 2019 жылы «Қазақстан мәдениет зерттеу институты» ЖШС-нің заңсыз түрде иеліктен шығарылғаны анықталды. Медеу ауданы прокуратурасының талабы негізінде сот мәмілелерді жарамсыз деп танып, жалпы құны 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекетке қайтарылды, – делінген Бас прокуратура мәліметінде. 

Мемлекеттік меншік мүддесін қорғау жұмысы ерекше бақылауда тұр және жалғасуда.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы