6 Наурыз 2025 2025, 16:55
Фото: - Архив
300 млн теңге жалақы жазып алған бухгалтерлердің айласы әшкере болды
Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қарағанды облысында білім саласында 300 миллион теңгеден астам ұрлық фактісі анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қарағанды облысының прокуратурасының мәліметінше, прокуратура №33 мектеп-бөбекжай-бақша кешенінде бюджет заңнамасының сақталуына тексеру жүргізген.
Тексеріс кезінде осы мекеменің екі есепшісінің 15 жыл бойы өздеріне белгіленген нормадан артық жалақыны заңсыз аударғаны анықталды. Ұрлықтың сомасы 300 миллион теңгеден асты, - делінген хабарламада.
Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.