300-ге жуық жетім баланың құқығы қорғалды
Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тексерісі нәтижесінде 300-ге жуық жетім баланың құқығы қалпына келтірілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Олар жалпы сомасы 2,5 млн теңгеден астам жәрдемақы алмаған. Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің тексерісінен кейін кәмелетке толмағандарға төленбеген жәрдемақы қайтарылды.
Бұл мәселе әкімдіктердің құзырына жатады. Бірақ біздің комитет жағдайды бақылауда ұстап отыр. Тәртіп пен заңдылықты қалпына келтіру – біздің басты міндетіміз. 2022 жылдың 1 сәуірінен бастап жәрдемақы мен басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін АЕК 3 063 теңгеден 3 180 теңгеге дейін өскенімен, жәрдемақы ескі АЕК бойынша төленіп келген. Жәрдемақы мөлшерінің айырмашылығы қамқоршылардың шоттарына жіберілді. Осылайша жетім балалардың құқығы қорғалды, – дейді Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы