300-ге жуық алматылық жаңа пәтер кілтін алды

Алматыда тағы 164 отбасыға жалға берілетін пәтердің кілті табысталды, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспана алғандардың арасында жетім балалар, мүгедек адамдар, зейнеткерлер және т.б бар. Бірер күн бұрын халықтың әлеуметтік осал тобына жататын кезекте тұрған 124 адамға пәтер кілті табысталды. 

Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы басшысының орынбасары Ғалымжан Әбдішүкірұлы баспаналы болған жандарды құттықтап, жалдамалы пәтерлер қаланың коммуналдық тұрғын үй қорынан бөлінгенін атады. 

Бағдарламаның шарттары бойынша бір бөлмелі пәтерді жалға алу құны шамамен 10 мың теңге, екі бөлмелі пәтерге шамамен 15.000 теңге керек. Коммуналдық қызметке ай сайын ақы төлеу қажет. Пәтерді жалға беруге немесе қайта жоспарлауға тыйым салынады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы