Бүгiн 2026, 03:40
Фото: AP Photo/ Pamela Smith
300-500 мың адам қарсы болса, отставкаға кетуге дайынмын – Пашинян
Айта кетейік, Арменияда парламенттік сайлау 7 маусымда өтеді.
Армения премьер-министрі Никол Пашинян елде егер 300-500 мың азамат оның отставкасын талап етсе, ол қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді.
Оның айтуынша, халық нақты әрі көпшілік түрде шешім қабылдаса, ол оны сөзсіз орындайды.
Егер 50%+1 қарсы болса, мен кетемін. Мен – халық қызметшісімін, – деді ол.
ТАСС агенттігінің жазуынша, Пашинян өзіне қарсы талап қойған азаматтарға жауап бере отырып, мұндай шешім жаппай қоғамдық қолдауға сүйенуі тиіс екенін атап өтті.
Айта кетейік, Арменияда парламенттік сайлау 7 маусымда өтеді. Оған 17 партия мен 2 саяси блок қатысады.