«30 жыл қызметтемін». Жетісу облысының әкімі жалақысын айтты

Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қанша жалақы алатынын айтты, деп хабарлад BAQ.KZ тілшісі.

Ол Жетісу облысындағы орташа жалақы – 250 мың теңге, ал республикадағы көрсеткіш 350 мың теңге екенін атап өтті.

Әрине, (өзім қажетіме) жетеді. Премия үнемі берілмейді. Мен қолыма 1,8-1,9 млн теңге аламын. Себебі, мен мемлекеттік қызметтегі қызмет өтілім жоғары. 30 жыл мемлекеттік қызметтемін, - деді Исабаев орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ОКҚ
Өзгелердің жаңалығы