30 жыл ішінде 200 қазақстандық Францияда оқып келді

Бұл туралы Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Олжас Сәкенов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Францияның Қазақстандағы елшілігі Астана халықаралық форумы аясында білім саласында меморандумға қол қойды.

1993 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық бағдарламасы іске қосылғалы бері 12 мыңнан астам түлек әлемнің көшбасшы, жетекші университеттерінің академиялық дәрежесіне ие болды. Қазіргі таңда шетелде 1 300-ден астам студент білім алып жатыр, - деп айтты ол.

Сөзінше, 30 жылдың ішінде Қазақстанның 193 азаматы «Болашақ» бағдарламасы бойынша Франция университеттерінде білім алды. Басым көпшілігі мемлекеттік саясат, халықаралық құқық, халықаралық қатынастар, жер, қоршаған орта, білім, химиялық және биохимиялық инженерия салаларында оқыды.

Франция студенттерімізді оқуға жібере бастаған алғашқы елдердің бірі болды. Қазіргі уақытта Францияда 8 стапендиат білім алып жатыр. Көрсеткіштің жоғары әлеуетін көріп отырмыз. Тіл курсы Францияның жетекші университеттеріне түсетін стипендиаттар саны көбейтеді деп ойлаймын, - дейді Олжас Сәкенов меморандумға қол қою рәсімінде.

«Болашақ» басшысы алдағы уақытта да Франциямен білім саласындағы әріптестік жалғасын табатынын жеткізді. Айтуынша, «Болашақ» 6 университетпен жұмыс істейді. Оның қатарын көбейту жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы