30 Желтоқсан 2022 2022, 09:05
30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстанның үш ірі қаласының ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады BAQ.KZ.
Астанада 30 желтоқсан: көшпелі бұлтты, ара-тұра қар жауады. Оңтүстік-батыстан 2-7 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде -9...-11°С, күндіз -6...-8°С.
Алматыда 30 желтоқсан күні көшпелі бұлт шығады, ауық-ауық қар жауады. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде -2...-4°C, күндіз 0...+2°C.
Шымкентте 30 желтоқсан күні көшпелі бұлтты, түнде қар аралас жауын жауады. Ауық-ауық тұман түседі. Оңтүстік-батыстан 5-10 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 0...-2°С, күндіз +5...+7°С.