30 желтоқсанда сайлауға қатысушы партиялардың теледебаты өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында комиссия мүшелері пікірсайыс уақытын белгілеп, осыған қатысты қаулы қабылдады.

Осыған орай сайлауға қатысатын партиялар арасындағы сайлауалды теледебат 2020 жылдың 30 желтоқсанында өтетін болып шешілді. 

Бұл құжат Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі сайлауына қатысушы партияларға таныстырылып, шарттары жөнінде хабардар етілді. 

Осыған орай сайлауға қатысатын партиялар телевизиялық дебатқа қатысатын кандидаттарды өздері анықтайды.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қаңтарда өтетін Парламенті Мәжілісінің сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары бүгін 18.01-де басталып, дауыс беру күнінің алдындағы күні сағат 00.00-де аяқталады. Яғни 2021 жылдың 9 қаңтарында сағат 00.00-ге дейін жалғасатыны туралы жазғанбыз. 

Бұған дейін ОСК мүшесі сайлауалды үгіт жүргізудің әдістері жайлы айтып берген болатын. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы