30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүйсенбіде Қазақстан аумағына Қара теңіз аймақтарынан жылжыған циклон әсер етеді. Соның салдарынан республиканың басым бөлігінде қар жауады, оңтүстікте жауын-шашын болады, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.
Тек еліміздің батысында ғана күн жауын-шашынсыз болады. Кей жерде тұман түсіп, көктайғақ болып, жел күшейеді, бұрқасын болуы да ықтимал.
Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аумағында тұман түсіп, бұрқасын, жолда көктайғақ болады. Жел 15-20 м/с-қа күшейеді, түнде Жармин ауданында екпіні 25 м/с жел соғады.
Ақмола облысының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады. Түнде және таңертең желдің екпіні 15-20 м/с-қа күшейеді.
Алматы, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Актөбе облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Алматы облысының Алакөл ауданында жел 17-22 м/с жылдамдықпен ұйтқиды.
Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде тұман түсіп, бұрқасын болады.
Солтүстік Қазақстан облысында күндіз жел 15-20 м/с-қа күшейеді.
Қарағанды, Жамбыл облыстарының кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.
Жамбыл облысында түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі.