30 қыркүйекте елордада бизнес қауымдастықтың алдында бірыңғай есеп беру күні өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының бұйрығымен 30 қыркүйек бақылау және қадағалау органдарының бүкіл республика бойынша бизнес-қауымдастық алдында бірыңғай есеп беру күні болып жарияланған болатын.
Елорда әкімдігінің ресми сайтынан хабарлағандай, биыл алғаш рет өткелі отырған шара дәстүрлі болмақ.Шара барысында аумақтық мемлекеттік бақылау және қадағалау органдары тексерулер кезінде жиі кездесетін құқықбұзушылықтар туралы, олардың алдын алу, сондай-ақ мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың тиісті саласындағы заңнамаға енгізілген міндетті талаптар мен өзгерістер туралы айтып береді.
Ақпарат ұсынатын мемлекеттік органдар қатарында Бас прокуратура, Ішкі істер министрлігі, қаржы, әділет, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ақпарат және әлеуметтік даму, энергетика, ұлттық экономика, сауда және интеграция, экология, геология және табиғи ресурстар, өнеркәсіп пен инфрақұрылымды дамыту, цифрлық даму, инновациялар және Аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері бар.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Зидан «Реалдан» кетеді
Келесі жаңалық
Биыл қанша этникалық қазақ қандас мәртебесін алды
Өзгелердің жаңалығы