30 тамызда елордада автобустар жүрмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Бұл туралы CTS-тің баспасөз қызметі хабарлады.

Жексенбі күні, 30 тамызда қоғамдық көлік қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Дүйсенбі күннен бастап, 31 тамызда қалалық және қала маңына қатынайтын автобустар қалыпты жұмыс істейді, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, енді  қоғамдық көлік сағат 23:00-ге дейін жүреді. Сондай-ақ, қоғамдық көлікке бетперде тағып кіруді ұмытпаңыздар.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы