30 шілде - Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Адам саудасы - әлемнің барлық еліне және біздің қай-қайсымызға да әсер ете алатын жаһандық деңгейдегі проблема.

Мұндағы фактілер мен сандар көрсетіп тұрғандай, сарапшылардың бағалауы бойынша, жыл сайын шамамен 2,5 миллиондай адам осындай қылмыстың құрбаны болады. Мұның өзі тек болжамды бағалау, себебі көптеген құрбан хабар-ошарсыз кеткен деп саналуы мүмкін.

Қорқынышты құқық бұзушылықтың мұндай түрлері тіпті көп, соның ішінде - мәжбүрлі еңбек, құлдық, жыныстық қанаушылық, сондай-ақ, адам ағзаларын сатуға алу.

Ең қорқыныштысы, кейбіреулер үшін бұл мәңгілікке қиратылған өмір болса, ал басқалары үшін миллиондаған, тіпті миллиардтаған доллар пайда екендігінде. Бүгін, 30 шілде - Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні, бұл дегеніміз мәселенің өзектілігін тағы бір рет көрсетіп, адамзат тарихының ежелгі дәуірден бері жалғасып келе жатқан және ақпараттық қоғамның прогрессивті дәуірінде де жоя алмаған бөлшегі ретінде қала беретін қауіптілік екендігін еске салады.

"Құқық" пен "бостандық" ұғымдарының тікелей мәніне қатысты тым қатал осы қауіптің бар екендігін әрқашан есте сақтауға және қырағы болуға шақырамыз, - делінген Адам құқытары жөніндегі мекеме хабарламасында.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы