Кеше 2026, 16:30
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов
- 30 °С аяз: Қазақстанның бірнеше өңірінде күн суытады
Қазгидромет: Көктем келмейтін болды
«Қазгидромет» ауа райының күрт өзгеруіне байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
11 наурызда Қазақстанның бірқатар өңірлерінде ауа температурасының күрт төмендейді, - деп жазылған хабарламада.
Синоптиктердің болжамынша, түнгі уақытта:
Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында 25–30°С аяз,
Ұлытау және Абай облыстарында 20–25°С аяз,
Шығыс Қазақстан облысында 15–20°С аяз,
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Алматы және Жетісу облыстарында 7–20°С аяз болуы мүмкін.
Содай-ақ, Астана, Қарағанды, Семей, Өскемен, Қызылорда, Шымкент, Түркістан және Тараз қалаларында да түнгі температураның айтарлықтай төмендеуі болжанады.