30 қыркүйекте қар аралас жаңбыр жауады, үсік жүреді – Қазгидромет

"Қазгидромет" РМК синоптиктері қыркүйектің соңғы күнінде елімізде ауа райы қандай болатынын айтып, өз болжамдарымен бөлісті. Мамандар 2025 жылғы 30 қыркүйекте еліміздің бірқатар өңірінде найзағай ойнап, қар жауатынын және таңертең күн суық болатынын болжайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Еліміздің шығысында, оңтүстік-шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады.

Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста найзағай ойнайды, оңтүстік-шығыста бұршақ түсіп, қатты жел тұрады, солтүстік-батыста көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді, – деп жазды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінен.

Тек еліміздің батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі деп болжанады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Абай облысының батысында, солтүстігінде сынап бағаны 3 градус суықты көрсетіп, үсік жүреді деп күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының батыста, солтүстігінде, орталығында, Атырау өңірінің солтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Түркістан, Қызылорда облыстарында, Атырау өңірінің солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында, батысында, Жамбыл облысының солтүстігінде, орталығында, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, солтүстік-шығысында, орталығында, Алматы облысының солтүстігінде, батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ұлытау облысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы