30 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 30 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады.
Синоптиктердің болжамынша ел аумағының басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындары өтуінің әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Көбінесе қар жауады, желдің күшеюі, бұрқасын, көктайғақ болуы ықтимал. Республика бойынша кей жерлерде тұман түседі.
Түркістан облысының оңтүстігінде және таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман болып, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Жамбыл облысынының солтүстік - шығысында және таулы аудандарында көктайғақ, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында-тұман, ал оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының оңтүстігінде-жаяу бұрқасын, облыстың солтүстігінде-тұман түседі.
Ақтөбе облысының солтүстік-батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасынмен жел 15-20 м/с күшейеді.
Маңғыстау облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында – көктайғақ, солтүстігінде – тұман.
Атырау облысының шығысында-тұман, күндіз облыстың солтүстігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман түсуі мүмкін, өңірдің оңтүстік-батысында, шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі, облыстың солтүстігінде тұман түседі, облыстың орталығында жел тұрады, жылдамдығы 15-20 м/с.
Ақмола облысының солтүстік-батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.
Қарағанды облысының батысы мен солтүстігінде жаяу бұрқасын болып, күндіз солтүстігі мен орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 17-22 м/с болады, ал өңірдің батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.