15 Тамыз 2025, 14:02
Фото: - архив
30 млн теңге: Жетісуда дәрігерлерге қосымша жұмыс уақыты үшін ақы төлеуден бас тартқан
Жетісу облысында прокуратура араласқаннан кейін жұмыс берушілер қызметкерлерге жалақы қарызы мен үстеме жұмыс үшін 30 млн теңгеден астам ұстемеақы төледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жетісу облысында прокуратура араласқаннан кейін жұмыс берушілер қызметкерлерге жалақы қарызы мен үстеме жұмыс үшін 30 млн теңгеден астам ұстемеақы төледі, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бас прокуратураның мәліметінше, Конституцияның 24-бабында әркімнің еңбегі үшін ешбір кемсітусіз сыйақы алу құқығы бекітілген. Ал, прокурорлар анықтағандай, "Жаркент Фрукт" ЖШС-гі 66 жұмысшыға 16 млн теңгеден астам жалақы төлемей, олардың құқықтарын бұзған.
Тағы бір жағдайда жұмысты белгіленген кестеден тыс орындаған 115 медицина қызметкерінің құқығы бұзылғаны анықталды, бірақ Текелі қалалық ауруханасы оларға үстеме жұмыс үшін 15 млн теңгеден астам ақша төлемеген.
Панфилов ауданы мен Текелі қаласы прокурорларының қадағалау актілері бойынша жұмыс берушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жұмысшылардың еңбегі толық төленді. Осылайша 181 адамның конституциялық құқығы қорғалды, - деп жазылған Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.
- SpaceX Falcon 9 зымырандарын небәрі 38 минут аралықпен ұшырып, жаңа рекорд орнатты 06:27
- Алматы тауларында құтқарушылар жоғалған туристі тауып, жолай тағы бір туристке көмектесті 05:47
- «Артық төлеуге тура келеді»: Трамп америкалықтарды бензин бағасының өсуіне дайын болуға шақырды 04:38
- ДДСҰ биыл денсаулық сақтау нысандарына жасалған 900-ден астам шабуылды тіркеді 03:25
- Лисаковта 22 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатынан құлап кетті 02:17
- Акмарал Ерекешева әлемнің үздік бес гимнастшысының қатарына енді 01:25
- Иран АҚШ әскери қызметшілерінің көзін жойғаны немесе тұтқындағаны үшін 25 мың еуро сыйақы жариялады 00:18