Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағында солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттардың ықпалы сақталады.
Соның әсерінен еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей жерлерде бұршақ түсіп, екпіні күшті жел соғады.
Еліміздің батысында, солтүстігінде және оңтүстіктің таулы аймақтарында нөсер жауын күтіледі.
Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді. Оңтүстік-шығыс өңірлерде шаңды дауыл тұруы мүмкін. Ал елдің солтүстік-батысы мен солтүстігінде түнгі және таңғы уақытта тұман түседі.
Бұдан бөлек, еліміздің бірқатар өңірінде өрт қаупі жоғары болып қала береді.
Атап айтқанда, Қарағанды, Алматы, Ақтөбе, Павлодар, Атырау, Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Ұлытау облысының батысында және Шығыс Қазақстан облысының шығыс бөлігінде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.
Ал Жетісу облысында төтенше өрт қаупі күтіледі. Сонымен бірге, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Атырау облыстарының жекелеген аумақтарында, сондай-ақ Абай мен Ұлытау облыстарында да төтенше өрт қаупі сақталады.