30 күнде БАӘ-де Қазақстан паспортын алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БАӘ-де жүрген Қазақстан азаматтары Абу-Дабидегі ҚР Елшілігінде және Дубайдағы ҚР Бас консулдығында 30 күн ішінде ұлттық паспортты ресімдей алады. Бұрын бұл процедура 80 күн алатын.

Қазақстанның сыртқы және ішкі істер министрліктері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде пилоттық режимде «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде құжаттандыру» тіркеу пункті» қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қазақстандық азаматтарды электрондық құжаттандыруды енгізу бойынша жұмысты жалғастыруда.

Естеріңізге сала кетейік, электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстан АҚШ-тағы (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско қалалары), Германиядағы (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер қалалары), Жапониядағы (Токио қ.), Корея Республикасындағы (Сеул қ.), Өзбекстандағы (Ташкент қ.) және Ресейдегі (Мәскеу қ.) шетелдік мекемелерінде жұмыс істейді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы