«30 игі іс» республикалық акциясы жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» республикалық акциясына белсенді қатысып жатыр. Олар бүкіл ел бойынша жалғыз басты зейнеткерлерге үй маңындағы аумақты қардан тазартуға, үйдің ішін ретке келтіруге көмектесті.
Осы демалыс күндері де жастар үшін ерекше болды. Жазды жайма шуақ күнінде олар қоршаған ортаны қорғау мақсатымен жаппай республикалық эко- акция ұйымдастырды. Елордадан бастау алған акция, еліміздің облыс, аудан орталықтарында да өтті. Қатысушылар көшелерді, арықтарды, қоқыс орындарын тазалауға көмектесті.
Акцияға белсенді жасотандықтар, жас көшбасшылар, «Biz Birgemiz» волонтерлар қозғалысының мүшелері қатысты. Акция барлығы 2500 астам адамды қамтыды.Қатысушылар қашықтықты және арнайы маска режимін қатаң сақтады.
Мысалы, Ақмола облыстық «Jas Otan» ЖҚ филиалы Көкшетау қаласының орталық саябағында акция ұйымдастырса, Алматы жастары қаланың ағаштарымен жасыл желектерді күтiп ұстау мен қорғауға ат салысты.
«Jas Otan» ЖҚ төрағасы Нұржан Жетпісбаев атап өткендей, әр бір эко-акция тәрбиелік сипатқа ие. Сонымен қатар, акция қоршаған ортаға деген сүйіспеншілікті дәріптеп, экологияны қорғау бойынша өзекті мәселелерін көтереді.
«Экологиялық акцияның өзінің тікелей міндетінен басқа, тағы бір маңызды функцияны орындайды.
Ол азаматтық ұстанымы биік тұлғаларды «Бұл менің қалам. Мен оны таза және жасыл етемін!» атты идеясымен біріктіреді. Бұл іске жастардың көптеп келуі және қаламыздың келбетін жақсартуға өз үлестерін қосқаны мені қатты қуантады! Өйткені «30 игі іс» акциясы адамдар мен қоғам үшін арналған нақты іс - шараларға,мейірім мен жақсылықты арқау еткен акцияларға негізделген, - деді Нұржан Жетпісбаев.
Өз кезегінде «Biz Birgemiz» қозғалысының волонтері Руслан Бахтияров әрбір акция қаланы көркейтуге және еріктілер қозғалысына өз үлесін қосуға үлкен мүмкіндік беретінің атап өтті.
Мен мұндай акцияларға бірінші рет қатысып отырған жоқпын. Мамыр айында біз Ұлы Отан соғысы батырларының құрметіне аталған саябақтарды, аулаларды және ескерткіштерді тазарттық. Бүгін біз елордамыздың шалғай аудандары мен көшелерін тазалаймыз. Аталған сәтті пайдалана отырып, жастарды табиғатқа ұқыпты қарауға шақырамын, - деді Руслан Бахтияров.
Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясы шеңберіндегі іс-шаралар әрі қарай жалғасып келесі айларда мынадай тақырыптарға арналады: шілде – «Baqytty otbasy», тамыз – «Damý», қыркүйек – «Bіlіm», қазан – «Ómіr syıla», қараша – «Sana», желтоқсан – «Egemendіlіk».