«30 игі іс»: Қызылорда облысында көшет отырғызу науқаны басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мерекесі қарсаңында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» акциясын қолға алған ЗК-169/4 мекемесінің жеке құрамы мен ерікті жалдамалы қызметкерлері игі істер атқарды.
Көктем келіп, көк шыға көшеттерді отырғызу маусымы да басталып кетті. Жалпы, көшет дегеніміздің өзі көшіріп отырғызу үшін өсірілетін өсімдік, жас шыбық деп те атаймыз. Оны ашық немесе қалқаланған жерлерге егеді.
Жасыл желек жанға сая деген ұранмен Қызылорда қаласындағы Қарттар үйі ауласына мекеме қызметкерлері тал көшеттерін отырғызды. Көшет - келешек сая болар бәйтерек. Бабымен нәр берсең, тіршіліктің сәніне айналады. Көне көз қарттарымыз бұл игі іске риза болып, батасын берді, - деп жазды Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Дәрігер: Вакцина – дертке шалдықпауымыздың кепілі
Өзгелердің жаңалығы