«30 игі іс»: Еріктілер зейнеткерлерге ауласын қардан тазартуға көмектесуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «30 игі іс» акциясы аясында елордалық штаб еріктілері зейнеткерлер мен ардагерлерге ауласын қардан тазартуға және үй шаруасына көмектесті. Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«30 игі іс» акциясы аясында бірқатар іс-шара жоспарланған. Біз жалғыз тұратын зейнеткерлерге, ҰОС, тыл ардагерлеріне, сондай-ақ мүгедектерге көмек көрсетеміз. Азық-түлік себеттерін жеткізуге, ауласын, үй ішін тазартуға көмек көрсетіледі. Бүгінгі акция барысында біз іргелес тұратын екі қарт адамның ауласын тазалап жатырмыз. Акция Тәуелсіздік күнін мерекелеуге орайластырылған, - деді «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының басшысы Шыңғыс Тілеулин.
Тұрғындар өз кезегінде жастарға жасаған қолғабыс үшін алғыс білдірді.
Олар үлкен көмек көрсетуде. Аула қардан тазартылды. Үйіміз ескі, қар басып қалды. Олар барын салып көмектесуге тырысып жатыр. Бізге, зейнеткерлерге қамқорлық жасап жатқандары үшін алғысымыз шексіз, - дейді қала тұрғыны Людмила Пышина.
Бұған дейін ауа райының қолайсыздығы кезінде еріктілер елорда көшелерінде коммуналдық қызметкерлер мен қала тұрғындарына ыстық шай мен бауырсақ үлестіргені туралы хабарланған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада «30 игі іс» ұранымен эстафета басталды.
Азаматтар оған қосылып, акция шеңберінде #Мейірімдіболуәдет, #Добротаобразжизни #Моднобытьдобрым хэштегімен аккаунттарына ақпарат немесе видео орналастыра алады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда дизель отынын ұрлаған машинистер сотталды
Өзгелердің жаңалығы