30 градус аяз: Астана әкімдігі тұрғындарға үндеу жасады
Астанада аптаның басы аяздан басталды. Алдағы күндері ауа температурасы 33 градустан төмен түседі деп күтіліп отыр. Қала тұрғындары мен қонақтарынан жарақат алу мен үсік шалу секілді қиын жағдайға ұшырамас үшін қауіпсіздік шараларын сақтауды және ұзақ уақыт көшеде болмауы қажет, еп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» мәліметінше, 11-13 желтоқсан күндері ауа температурасы түнде және күндіз -33 градусқа дейін төмендейді.
Осыған байланысты қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынамыз:
- Дауыл туралы ескертулер жариялаған кезде алыс сапарларға шықпаңыз және жаяу жүрмеңіз
- Автожолдардағы ауа райы жағдайлары мен көлік қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз.
- Қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратты паналау керек. Ағаштардан, ілулі тұрған құрылымдардан, электр желілерінен және билбордтардан алыс тұрыңыз.
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз.
Қатты аяз техногендік өрттердің көбеюіне ықпал етуі мүмкін. Осыған байланысты біз жоғары қуатты электр құрылғыларын бір уақытта қосу арқылы пештерді қыздырмауға немесе электр желілеріне шамадан тыс жүктеме түсірмеу туралы кеңес береміз.
Сондай-ақ, көлік иелеріне ашық оттың көмегімен автомобильдерді жылыту қаупі туралы еске саламыз.