Кеше 2026, 16:48 Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Артем Чурсинов

-30 градус: Алдағы күндері Қазақстанда күн күрт суытады

Синоптиктер қар жауып, боран соғады деп болжады.

Синоптиктер 10–12 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Республика аумағында қатты жауын-шашын, тұман және боран күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен ауа райы құбылмалы болады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі. Елдің солтүстік-шығысында және орталық бөлігінде қалың қар жауса, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста кей уақытта қатты жауын-шашын күтіледі.

Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ, тұман байқалады. Ал солтүстік өңірлерде боран соғуы мүмкін.

Еліміздің көптеген облысында ауа температурасы көтеріледі деп болжанып отыр:

  • батыста түнде 15–28 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, күндіз 2–13 градус аяздан 0–10 градус жылыға дейін;
  • оңтүстік-батыста түнде 8–16 градус аяздан 2 градус жылыға дейін, күндіз 0–8 градус аяздан 5–13 градус жылыға дейін;
  • солтүстік-батыста түнде 22–33 градустан 2–10 градус аязға дейін, күндіз 15–20 градус аяздан 3 градус жылыға дейін;
  • солтүстікте түнде 15–33 градустан 10–23 градус аязға дейін, күндіз 15–25 градустан 0–7 градус аязға дейін.

Ал кейбір өңірлерде керісінше ауа температурасының төмендеуі күтіледі:

  • Қазақстанның орталығында түнде 2–15 градустан 15–30 градус аязға дейін төмендейді.
  • Кейін 12 наурызда 10–21 градус аязға дейін жылынады, күндіз 2–15 градустан 10–20 градус аязға дейін төмендеп, 12 наурызда 0–10 градус аязға дейін көтеріледі;
  • шығыста түнде 0–8 градустан 15–30 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 3 градус жылыдан 3–18 градус аязға дейін;
  • оңтүстікте түнде 2–21 градустан 7–23 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 5 градус жылыдан 0–5 градус жылыға дейін;
  • оңтүстік-шығыста түнде 5 градус жылыдан 10–28 градус аязға дейін төмендейді, күндіз 7 градус жылыдан 0–15 градус аязға дейін.