30-ға дейінгі азаматтар. Қилымжанов 741 күдікті сот санкциясымен қамауда екенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты. 

Жалпы алғанда 3 мыңнан астам қару ұрланған. Осы көлемнің тек 3/1 немесе 967 бірлігі ғана табылды. Ал 2 мыңнан астам – соның ішінде тапанша, граната, пулемет, мылтықтар әлі де қылмысткерлердің қолында. Барлық дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр, – деді ол. 

Қилымжанов атағандай, 16 ақпанда қылмыстық істер бойынша 741 күдікті сот санкциясымен қамауда. 

Олардың ішінде 113-і бұрын сотталған, 42-сі тыйым салынған  экстремистік ұйым мүшелері және 35 қылмыстық топ өкілдері. Біз қамауға алынғандардың жеке бастарын зерттедік. Алматы қаласындағылар бойынша олардың портретін жасадық. Олар массада жоғары білімі, тұрақты жұмысы жоқ, 30-ға дейінгі адамдар, – деді Қилымжанов.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы