3 жылда жеке кәсіпкерлердің саны 1,6 миллионға жетті

Соңғы 3 жылда жеке кәсіпкерлердің саны 1,6 миллионға дейін өсті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде «Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалардың кірістерін салықтық әкімшілендіру» тақырыбында өткен брифинг барысында Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Данияр Жанәлінов мәлімдеді.

2022 жылы бір жеке кәсіпкердің орташа кіріс сомасы 9,2 млн теңгені құраған.

Жалдамалы қызметкерлердің көрінбеуі - үлкен проблема күйінде қалуда, бұл болашақта зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді ала алмау, медициналық қызмет алудағы шектеулер түріндегі әлеуметтік салдарға әкеп соғады, - деді спикер.

Сондай-ақ Данияр Жанәлінов қанша кәсіпкердің жалдамалы жұмысшылары жоқ екенін де тілге тиек етті.

Бүгінгі таңда 1,2 млн жеке кәсіпкерде жалдамалы жұмысшылары жоқ, ал 89 мың жеке кәсіпкерде 1 ғана жалдамалы қызметкері бар. Кәсіпкерлердің тек 9,5%-да 5-тен астам қызметкері бар. Кәсіпкерлердің қызметкерлерді «көлеңкеден» шығаруға ынталандыру мақсатында 2023 жылдан бастап Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еңбекақы төлеу қорының 20% мөлшерінде жалақыдан бірыңғай төлем енгізілді», - деді Данияр Жанәлінов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі
Өзгелердің жаңалығы