3 жыл ішінде 160 мыңға жуық жұмыссызға кәсіпкерлік негіздері оқытылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Нариман Әбілшайықов хабарлады. Оның айтуынша, 8 жыл ішінде кәсіпкерлердің 230 млрд теңгеге жуық мүлкі қорғалған.
«Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғалы бергі 8 жыл ішінде 12 мыңнан астам кәсіпкерлік субъектісінің заңды құқығы мен мүддесін қорғап келеді.
Кәсіпкерлердің 230 млрд теңгеге жуық мүлкі осы 8 жыл ішінде сақталды. Осы аралықта 874 мыңға жуық шағын және орта бизнес кәсіпкерлік субъектісіне 1,6 млн-нан аса сервистік қолдау көрсетілді. Тек мұнымен ғана шектеліп қалмай, нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының екінші бағыты шеңберінде халықты кәсіпкерлік дағдыларға оқыту белсенді жүргізілді, - деді «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары.
Сонымен қатар осы бағдарлама бойынша бизнес ортаны қалыптастыру үшін ауылдық жерлердегі жастар арасында кәсіпкерлік қызмет насихатталған. Олардың бизнес жобаларын қолдауға бағытталған «Бастау Бизнес» жобасын 5 жыл бойы жүзеге асырып келеді.
Бағдарламаның ең тиімді құрамдастарының бірі – бизнес негіздеріне оқыту, бизнес-жоспарларды әзірлеуге көмек көрсету, кредиттік бағдарламалармен тығыз байланыста кеңес беруді қамтамасыз ету. 2017-2020 жылдар ішінде осы жоба бойынша 151 528 жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтығандар кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, - деп атап өтті Нариман Әбілшайықов.
Айта кететін жайт, олардың ішінде 40 мың субъекті өз кәсібін іске қосқан.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
«Бастау бизнес». Көпбалалы ана несие алып, шаруа қожалығын ашқан
Келесі жаңалық
Түркияда автобус апатқа ұшырап, 30 адам зардап шекті
Өзгелердің жаңалығы