3 жасар баланы өлтірген жігіт сот залында тамағын кесіп жіберді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оқиға Қарағанды облысы Шет ауданы Бұрма ауылында 3 жасар баланы ұрлап, артынша өлтірген іс бойынша сот отырысы болып жатқан кезде болған.

Отырыстың соңында соттың тыйым салғанына қарамастан журналистерге "Егер менімен бір жағдай болса, оған ішкі істер департаментінің тергеушісі Сейдалин кінәлі болады" деп Игентай Сопыжанов мойын тұсын бірнеше рет кесіп жіберген. Оны сол жерде күзетшілер бірден ұстап алып, сот залынан алып шығып кетеді. 

Анықталғандай, бұл Сопыжановтың өз-өзіне қол жұмсауы бірінші рет болып тұрған жоқ.   

Куәгерлердің айтуынша, бірінші тыңдалым кезінде де ол өзімен бірге ұстараның жүзін алып өтіп, сот отырысын болдыртпай тастаған. Сот отырысына әкелер кезде оны тексеріп, бірнеше ұстараның жүзін тауып алған.    

Екі жағдайда да денсаулығына қатты зақым келмеген екен. Жедел жәрдем қызметкерлері оны қарап, жарақатын емдеп берген. Осы жағдайдан кейін оны қайта камераға апаруға тура келген. 

Ол өзін жарақаттаған зат табылмаған. Игентай Сопыжанов үш бап бойынша айыпталып отыр: бала ұрлау, кепілдікке адам алу және адам өлтіру. Ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 


Бұрын хабарлағандай, 5 қыркүйек күні Шет ауданы полиция бөліміне Бұрма ауылының 22 жастағы тұрғынынан танысы 3 жасар ұлын ұрлап әкеткендігі туралы хабарлама түскен. Жедел іздестіру аясында полиция қызметкерлері күдіктіні 9 қыркүйек күні түнгі сағат бірлер шамасында вокзал маңынан ұстаған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы