Алдағы үш тәулікте ауа райы жылынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 25-27 ақпанға арналған ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы күндері Сібір антициклонының жотасымен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дегенмен, Қазақстанның көптеген аймағында түнде және таңертең көріну қашықтығын 500 метрден төмен нашарлататын тұман күтіледі.
Республиканың батыс аймақтарына жауын-шашын және көктайғақпен атмосфералық фронттар ығысуда. Бұл фронттар кезекті Атлантикалық циклонмен байланысты, сондықтан жауын-шашынмен қатар, ауа температурасының жоғарылауына алып келеді, - делінген хабарламасында.Фронттардың батыстан шығысқа жылжуымен жауын-шашын мен көктайғақ Қазақстанның қалған бөлігінде де күтіледі.
Алдағы үш тәулікте ауа температурасы климаттық нормадан 4...12°C аномалды жоғары болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
"Байқоңыр" ауданында өрт сөндіру депосы ашылады
Келесі жаңалық
Мектептерге арналған PISA-2024 зерттеуі басталды
Өзгелердің жаңалығы