3-сынып оқушыларына арналған тапсырма қазақстандықтардың ашуын туғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлеуметтік желіде Online mektep платформасында 3-сынып оқушылары үшін дайындалған тапсырмаға қатысты шу шықты.

Facebook-тегі ТАЛДЫКОРГАНЕЦ тобының қолданушысы тапсырманың платформадағы скриншотын түсіріп, пікір қалдырды.

Бұл 3-сынып баласы орындайтын онлайн мектептегі тапсырма. Мынаған қараңыздар, Білім министрлігі қайда қарап отыр? Қандай бассыздық?, – делінген жазбада.


Осы жазбаға қатысты «Онлайн мектеп» жобасының атқарушы директоры Санжар Кенжеханұлы өз пікірін білдірді.

Бұл тапсырманың түпнұсқасы қазақ тілінде берілген. Қазақ тіліндегі тапсырмада қате жоқ. Кейбір пайдаланушы авто-аудармашы арқылы аударып, хайп жасап, оның скриншоттарын түрлі чаттарға таратып жатыр. «Online Mektep» платформасында қателер жоқ. Платформаны жасаушылар браузерге енгізілген авто-аудармашыларды пайдаланбау керектігін айтады. Олар дұрыс аудармайды. Қазақ тіліндегі мәтіннің үзіндісі скриншотта көрсетілген. Тапсырма дұрыс жасалған. Бұл әлеуметтік желілерде қалжыңдасатын немесе «лайк» жинау үшін контент жасайтын жағдай емес, - деп жауап берді ол.

Платформаны құрастырушылар авто-аудармашыны қолданбауға шақырды.

Тапсырманың түпнұсқасы.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы