3 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 3 шілдеде еліміздің бірнеше облысында өрт қаупі сақталатынын хабарлайды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы жаңбыр және найзағаймен сақталады, жел күшейеді, бұршақ, дауыл болады, солтүстік-батыста және солтүстікте қатты  жаңбыр, оңтүстікте шаңды дауыл болып, тек республиканың оңтүстік-батысында ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл, бұршақ болады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерінде 30 м/с және одан асады.

Ақмола облысының кей жерінде дауыл, бұршақ болып, түнде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с, кей жерінде 30 м/с және одан асады.

Қостанай облысының кей жерінде дауыл, бұршақ болып, түнде кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерінде дауыл, шаңды дауыл, бұршақ болып, жел 15-20 м/с, түнде екпіні 23 м/с күшейеді.

Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде дауыл болып, жел 15-22 м/с күшейеді, Қарағанды облысында екпіні 25 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Атырау облысының кей жерінде дауыл болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының түнде кей жерінде жел күшейеді, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Павлодар, күндіз Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.  

Қызылорда, Ақтөбе облысының кей жерінде, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарында жоғары өрт қаупі сақталады.                  
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы