14 Тамыз 2022 2022, 07:37
3 қалада ауа сапасы нашарлауы мүмкін
14 тамыз, жексенбі күні Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
14 тамыз, жексенбі күні Қазақстанның көптеген қаласында қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, бүгін атмосфералық ауа сапасы Нұр-Сұлтан, Алматы және Ақтөбе қалаларында нашарлайды. Өзге шаһарларда метеоахуал норма шегінде болады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.