3 қала мен облыс әкімдері "міндетін атқарушы" болып қалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттіктерін тоқтатты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты қаулы етті.

"Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын", - деп қаулы етті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы