ШҚО-да 3, Қостанай облысында 4 адам індет жұқтырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы Қостанай облысы мен ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар туралы ақпарат берді.

Жітіқара қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 4 адам тіркелді. 

Індетті жұқтырғандар — 1968 және 1990 жылғы екі ер азамат және 1962 және 1989 жылғы екі әйел адам. Барлығы мақсатты түрде эпидемиологиялық тексеру барысында анықталған, болжам бойынша вирусты жұқтырғандармен байланыста болған. ПТР диагностикалық зерттеудің нәтижелері бойынша СOVID-19 диагнозы расталды. Барлық жағдайда да қатынасқан адамдар ортасы анықталуда, оқшаулау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жасалып жатыр - делінген хабарламада.  

21.04.2020 жылғы жағдай бойынша Қостанай облысында СOVID-19 инфекциясымен 25 адам анықталды, жазылып шыққаны – 1 адам.

ШҚО-да тағы үш адамның коронавирусты жұқтырғаны анықталды. Қазіргі таңда бұл өңірде барлығы 11 адамның вирусты жұқтырғаны белгіленген. 

Қауіпті індетті Өскеменнің екі тұрғыны — 1972 жылғы ер азамат пен 1970 жылғы әйел адам, сондай-ақ Абай ауданының 1960 жылғы тұрғыны жұқтырған. Екі жағдайда COVID-19 пневмония мен ЖРВИ диагноздары қойылған адамдардан, бір жағдайда профилактикалық зерттеу кезінде анықталды. Қазіргі таңда науқастар оқшауланған және тиісті емді қабылдап жатыр. Бұған қоса, эпидемиологиялық зерттеу және вирусты жұқтырғандармен байланыста болған адамдарды анықтап, оларды да оқшаулау жұмыстары қолға алынған. Алдын ала мәліметтер бойынша, үш жағдай бойынша 16 ошақ, 138 байланыс жасаған адам анықталды. Оның ішінде — 29-ы жақын қарым-қатынаста болған, 109-ы әлеуетті байланыста болғандар - делінген хабарламада.

Облыста барлығы 11 адам коронавирусты жұқтырған, оның екеуі сырттан келген, 9-ы жергілікті жерде жұқтырған. Сонымен қатар, Өскемен қаласында 1 адам инфекцияның кесірінен көз жұмды. Ауырып қалғандар арасында 2 бала бар, жағдайлары қанағаттанарлық деңгейде. Сондай-ақ, вирусты жеңіп шыққан 3 адам бар.  

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы