3 мыңнан астам жанұя Қазақстанның үздік отбасы атағына үміткер

«Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсына өтінім қабылдау аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҚР АҚДМ баспасөз қызметінің деректеріне сүйенсек, 3 мыңнан астам жанұя Қазақстанның үздік отбасы атағына үміткер. 

Өтінімдер тек отбасылардың өздерінен ғана емес, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, еңбек ұжымдары, өнеркәсіптік кәсіпорындар, ҮЕҰ және басқа да заңды тұлғалар тарапынан ұсынылды. 

Өз кезегінде, «Мерейлі отбасы-2023» ұлттық конкурсының өңірлік кезеңінде – 3 228, оның ішінде отбасылардан – 1 918, заңды тұлғалардан – 1310 өтінім тіркелді.

Өтінімдердің ең көп саны – Қарағанды (315), Жамбыл (301), Батыс Қазақстан (298), Жетісу облыстарында (224), Алматы қаласында (232). 

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лауреаты атағы қыркүйек айында Отбасы күні (қыркүйектің екінші жексенбісі) қарсаңында Қазақстанның барлық өңірлерінен үздік шыққан отбасыларға беріледі. 

Естеріңізге сала кетейік, биыл «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына 10 жыл толып отыр. Осы уақыт ішінде конкурсқа 20 мыңнан аса отбасы қатысты. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ҚР АҚДМ баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы