3 мыңнан астам оқушы Алматыдағы ТЖД көрмесіне қатысты

1 наурыз – Азаматтық қорғаныс күніне арналған іс-шаралар аясында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті "Алматы қаласының 109 құтқару қызметімен" және ТЖМ аумақтық бөлімшелерімен "Астана" алаңында өрт сөндіру, құтқару және басқа да арнайы құрал-жабдықтардың ауқымды көрмесін өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведомствоның мәліметінше, мектеп оқушылары, студенттер мен қала тұрғындары "Астана" алаңында қаланың авариялық-құтқару күштерінің мүмкіндіктерімен танысты.

Атап өту кету керек, 2023 жылы алматылық құтқарушылар жалпы 3 мыңнан астам оқиға орындарына шығу жүзеге асырды, ТЖ аймақтарынан 700-ден астам азамат эвакуацияланып, 460 адам құтқарылды, оның 33-і - балалар,

2024 жылдың басынан бері өрт орындардан 3 адам құтқарылып, 80-нен астам адам қауіпсіз орындарға эвакуацияланды

Демонстрациялық көрме - азаматтық қорғау және тұрғындар оқушылар арасында қауіпсізідік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылады, сондай-ақ қала тұрғындарын құтқару қызметтеріның құрал жабдықтарымен таныстыру үшін өткізіледі.

3000-ден астам оқушы мен студент құтқарушы мамандағының ерекшеліктерімен танысып, олардың ішінде «Жас құтқарушы» мектеп жанындағы клубтардың қатысушылары да бар. Сонымен бірге жер сілкіністерінің симуляторы көрсетілді. Бұл тренажер жер сілкінісінің шынайы көлденең және тік дүмпулерін ұқсататын үй бөлмесінің макетінде орындалған. Шақырылған мектеп оқушылары мен студенттері адамдарды 30 қабатқа дейін биіктіктен құтқаруға арналған өртке қарсы Қазақстандағы ең биік өртке қарсы сатыға шығуға мүмкіндік алды. "Қызыл Жарты Ай қоғамының" еріктілері алғашқы көмек көрсету тренингтерін өткізіп, қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Іс- шара соңында Департамент қызметкерлері сынып оқушыларын офицер-құтқарушы кадрларын даярлайтын ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар Министрлігініңң Мәлік Ғабдуллин атындағы Академяисымен таныстырды. Оларға оқу, киім-кешек, тамақтануы 4 жыл бойы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленіп, осы Аадемия түлектері 100% жұмысқа орналасатынын екертіп айтты.

Атап өту қажет 2023 жылы алматылық құтқарушылар жалпы 3 мыңнан астам шақыртуларға шығу жүзеге асырды, ТЖ аймақтарынан 700-ден астам азамат эвакуацияланып, 460 адам құтқарылды, оның 33-і балалар.

Ал, 2024 жылдың басынан бері 3 адам құтқарылып, ТЖ аймақтарынан 80-нен астам адам эвакуацияланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі
Өзгелердің жаңалығы