3 млрд теңге. Ақтөбеде көше тазалайтын арнайы техника сатып алынды

Облыс әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе жолдарын тазалайтын және жолдарды жөндеу үшін пайдаланылатын жаңа арнайы техниканы қарап шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ өңір әкімдігіне сілтеме жасап.

Жаңа техникалар "Atk Qyzmet" ЖШС теңгерімінде болмақ. Бұл коммуналдық кәсіпорын Ақтөбедегі және тұрғын алаптардағы қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, көшелерді тазалауға жауапты.

Сатып алынған арнайы техникалардың арасында бордюрлердің бойындағы шаң, топырақ және қоқымдарды алатын, арықтарды қоқыстардан тазартатын, жол жүру бөлігіндегі шұңқырларды жөндейтін көліктер бар. 

Қала тазалығы – біздің назарымызда. Қазіргі таңда Ақтөбе мен оған іргелес жатқан тұрғын алаптарды көгалдандыру және қоқыстан тазарту міндеті тұр. Әр сенбі сайын "Таза Қазақстан" тақырыбында сенбіліктер өткізіп келеміз. Біз коммуналдық кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын кеңейту үшін 3 млрд теңгеден астам сомаға арнайы техника сатып алдық. Бұл техника қала ішіндегі жолдарға қызмет етеді. Тротуарларды, саябақтар мен саябақтардағы жолдарды тазалауға арналған арнайы машиналарды сатып алу жоспарда бар. Жаяу жүргіншілерге де ыңғайлы болатындай жағдай жасау керек. Бұл мақсатқа тағы 3 млрд теңге қарастырылған. Жолдарды да жөндеу қажет. Сондықтан арнайы техникамен барынша қамтуымыз керек, - деді облыс әкімі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ақтөбе облысының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы