3 күнге арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 2020 жылғы 21-23 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. 

Аптаның басында тұрақсыз ауа райы Қазақстанның көптеген өңірінде байқалатын болады. Бұған циклон және онымен байланысты фронтальді бөліктер ықпал етеді. Найзағаймен және екпінді желмен жаңбыр жауады, сондай-ақ ауа температурасы күндіз 15…23-тен 8…16 жылыға дейін төмендеуі күтіледі, - делінген ақпаратта.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың тек оңтүстік және оңтүстік-шығысына жылы оңтүстік ауа келуін жалғастырып, мұнда күн шуақты, құрғақ және өте жылы болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы