Демалыс күндері жауын-шашынды болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет алдағы үш күнге 27-29 наурызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағына біріккен Жерорта және Солтүстік-Батыс циклондары әсер етіп, елдің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын тудырады. 

Кей жерде жаңбыр мен қар жауады, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал. 

Жекелеген аудандарда тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік өңірлерде жаяу бұрқасын болады. 

29 наурызға жақын ауа температурасы төмендейді.

 



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы