3 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК мәліметінше 3 қаңтар күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде көбіне жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. 

Еліміздің батысы мен шығысында қар жауады. Республиканың кей жерінде тұман, оңтүстік пен батыста желдің күшеюі, жаяу бұрқасын болады.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Түркістан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болады.

 Ақмола, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман болады. 

Батыс Қазақстан облысында сондай-ақ жаяу бұрқасын болжанады. Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерде жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде Ақмола, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде қатты аяз болады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы