Соңғы 3 айда KASE сауда-саттықтарының жиынтығы 31,7 трлн теңгені құрады

Алматы, BAQ.KZ. 2019 жылдың үш айындағы KASE сауда-саттықтарының жиынтық көлемі 31,7 трлн теңгені құрап, 2018 жылдағы ұқсас кезеңімен салыстырғанда, 6,2 % немесе 2,1 трлн теңгеге азайды. Бұл туралы "Қазақстан қор биржасы" АҚ мәлімдеді.

Бүгін "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы биржалық нарықтың негізгі қызмет қорытындыларын жариялады. Қор биржасы берген мәліметке сүйенсек, бағалы қағаздар нарығы оң динамиканы көрсеткен, мұндағы сауда-саттық көлемі 3,5 есе өсіп, 1,854 трлн теңгені құраған.

«16 жаңа эмитенттің бағалы қағаздары листинг процедурасынан өтті. Сонымен қатар, 1 сәуірдегі жағдай бойынша биржағда сауда-саттыққа 174 эмитенттің 412 атаудағы бағалы қағазы қолжетімді болды. Акциялар саны, эмитенттер санымен қатар, кезекті макисмалды мәндеріне жетті. Ал KASE Индексінің мәні 6,8 % өсіп, 2 461,26 нүктеге жетті», - делінген хабарламада. 

Сондай-ақ, жыл басынан бастап акциялар нарығының капиталға айналуы 2,9 % артып, 15,9 трлн теңгеге жеткен. Ал, борыштық нарықтағы орналастырулардың көлемі 1,203 трлн теңгені құраған.

«2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Орталық депозитарийде жеке тұлғалардың атына ашылған 118 537 жеке шот болды, бұл 2019 жылдың басындағы санынан 1 713 шотқа артық», - делінген хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы