Бүгiн 2026, 00:34 Фото: chatgpt

3 ай – 331 бұзушылық: Toyota Alphard тағы да "артықшылығын" көрсетті

Toyota Alphard мініп, заңды белшесінен басып жүрген жүргізушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылды.

Соңғы үш айда Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы "Toyota Alphard" автокөлігін басқарған 331 жүргізушінің жол қозғалысы ережесін бұзғанын анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиғалардың бірі Түркістан қаласындағы Б. Саттарханов даңғылында тіркелген. Камералар қауіпсіздік белдігін тақпай келе жатқан жүргізушіні анықтаған. Кейін оның жеке басы жедел түрде анықталып, көлік тоқтатылған.

Тексеру барысында жүргізушінің бірнеше құқық бұзушылық жасағаны белгілі болды: жүргізуші куәлігі болмаған, сақтандыру полисінің мерзімі өтіп кеткен, сондай-ақ көліктің фаралары заңсыз өзгертілген.

Жүргізушіге қатысты әкімшілік шаралар қолданылды. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.